Семейде Қашғар қаласының ескі тиындары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Қашғар қаласының ескі тиындары табылды

15.11.2018

Қажғар қаласының көне монетасы Семей маңынан табылды. Зерттеушілердің айтуынша, бұл әзірге, қазақ даласындағы жалғыз жез тиын. Оның Қажғариядан мыңдаған шақырым жерде қалай пайда болғаны әлі белгісіз. Тек болжамдар ғана.

Ортасында ойығы бар жез тиынның Қажғар қаласына тиесілі екенін ондағы араб жазулары дәлелдейді. Мұндай ойықты монеталар негізінен Қытай елінде айналымда болған. Жергілікті өлкетанушылар «елімізде дәл мұндай жез тиын жоқ», - дейді.

Марат Сасанов, Өлкетанушылар қоғамының төрағасы:

- Мен қазақстандық нуммизматтардан сұрап көрдім. Нақты жауап таппадым. Сондықтан, бұл әзірше Қажғардың жалғыз монетасы дей беруге болады.

Қажғар монетасын Семейден Қашғарға аттанған Шоқан экспедициясы қалдырып кетуі мүмкін. Ғалымдар қазір осы бір болжамға басымдық беріп отыр. Себебі, зерттеуші бұл қалаға саудагер атын жамылып барған.

Мұратбек Иманғазинов, профессор:

- Шоқан Уәлиханов сол жаққа барғанда міндетті түрде өзінің қалтасында теңгесі болу керек қой. Соған қарағанда, Қажғардың теңгесі біздің жерден табылуы Шоқанның ізі болуы мүмкін деп есептеймін.

Семей өңірінің тарихы терең, әмбе зерттелмеген дүние көп. Сондықтан, әуесқой өлкетанушылар бұл бағыттағы ізденістерін жалғастыра бермек.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу