Жетісулық тарихшылар, журналистер және саяхатшылар мен блогерлерден құрылған топ әйгілі этнограф, ғалым, публицист, Шоқан Уәлихановтың ізі қалған жолдармен жүріп өтпек. Экспедиция мүшелері Талдықорғаннан тікелей Семейге өтіп, Аягөз ауданы мен Алматы облысы аумағынан тың дерек жинап қайтуды жоспарлап отыр. Бұл сапар Кербұлақ ауданындағы Шоқан Уәлихановтың бейіті маңында өз мәресіне жетпек. «Ал, келер жылы зерттеуші саяхатындағы басқа да бағыттар жоспарлануда дейді», - ұйымдастырушылар.
Рүстем Қанапиянов, Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары:
- Қолдау болып жатса, алдағы уақытта Ыстықкөл сапары бар. Сонымен қатар, Ресейдегі бабамыздың оқыған Омбы қаласы, Қашқария сапары бар. Сол жаққа да барсақ деген жоспарлар бар.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
