Талдықорғанда «Бәтима ана» кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Бәтима ана» кітабы жарыққа шықты

14.09.2018

Талдықорғанда мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бәтима Сақауованың өміріне арналған «Бәтима ана» кітабы жарық көрді. Бес бөлімнен тұратын туындыда Бәтима Есболатқызы туралы естеліктер, арнаулар, мақалалар мен очерктер топтастырылған. Жетісулықтар арасында Бибәтима атанып кеткен ел анасы 16 жасында еңбекке араласқан.  Ерлермен бірге атқа қонып, Талдықорған облысының өркендеуіне аянбай тер төкті. Жетісу өңірінің идеологиялық саясатын жүргізіп, елді бірлікке шақырған батыр ана биыл ақпанда 92 жасқа қараған шағында дүниеден озған болатын. 

Күмісжан Байжан, ардагер журналист, кітапты құрастырушы:

- Авторлардың ол кісінің бейнесін ашуынан сондай бір ғанибет алдым. Абырой деген атаққа ие болған ана. Батырлығымен, кемеңгерлігімен, бала тәрбиелеудегі аналық жақсы қасиеттерімен танылған екен. Жалпы, бұл бүгінгі ұрпаққа өнеге болатын тұлға. Соны ұмытпайық.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу