Алматы облысында 70-тен астам этно-мәдени бірлестік тіркелсе, Татарстанда олардың саны 200-ден асады. Мақсаттары ортақ, бағыттары бір екі елдің Ассамблеясы болашақта қоян-қолтық жұмыс істеуге келісті. Бүгінде Татарстан халықтары Ассамблеясы қазақстандық институттың үлгісімен құрылған. Алматы облысынан барған делегация татарстандық әріптестерін елге қонаққа шақырып, Талдықорғандағы Достық үйімен жақынырақ таныстыруға ниет білдірді. Қазан қаласындағы қазақ этно-мәдени бірлестігіне тарту жасап, елден шашу ретінде қазақ және татар әндерін орындады.
Ирек Шарипов, Татарстан достық үйінің директоры:
- Бізге ең маңызды шекара емес. Бізге маңыздысы, бізді біріктіретін ортақ мақсаттарымыз. Әрқайсымыздың бір-бірімізбен бөлісер тәжірибеміз бар. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысымен таныса отырып, өзімізге көп мағлұмат алдық.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.