Қарқаралы ормандарында адасып кеткен 8 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы ормандарында адасып кеткен 8 адам құтқарылды

03.09.2018

Қарағанды облысы Қарқаралы тауы етегіндегі орманда адасып кеткендер құтқарылды. Төтенше жағдай қызметіне алғашқы қоңырау 31 тамыз күні түскен. Саңырауқұлақ теруге шығып, үш жасар баласымен қоса жолдан адасқан ерлі-зайыптыларды құтқарушылар тек кешкісін бірақ тапты. Дәл осы тау шатқалында сол күні тағы бір ерлі-зайыпты 5 жасар баласымен жоғалғаны белгілі болды. Олар телефон арқылы байланысқа да шықпаған. Бұл отбасы келесі күні «Ақтерек» деп аталатын қыстақтан табылды. Ал 1 қыркүйек күні құтқарушылар «Аюшат» шатқалында адасқан екі адамға іздеу салды. Абырой болғанда, олар «Кеңдара» шатқалында ұялы байланыс ұстайтын жерден хабарласқан. 

Айдана Жүніс, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Сегіз адам табылды. Оның ішінде екі отбасы және екі адам бар. Ешқандай медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қарағанды облысының құтқарушылары адамдарды орманға шығар кезде, жидек теруге шыққан кезде өз орындарын нақты бағыттап, жақындарына қайда баратынын ескертіп қоюға шақырады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.               

Хабарламаларға жазылу