БҚО-да боранда жоғалған екі адам табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да боранда жоғалған екі адам табылды

09.02.2024

Батыс Қазақстан облысында боранда жоғалған екі адам табылды. Сырым және Шыңғырлау аудандарында тұрғындар мал жайып жүріп, адасып кеткен.

Құтқарушылар екеуін де тауып, аман-есен үйлеріне жеткізді. Ал Бөрлі ауданы Кеңтүбек кентіндегі науқастар Ақсай қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Соңғы екі күнде «ҚазАвтоЖол» мекемесі құтқарушылар және полициямен бірге жолда қалған 70-тен астам көлікті қар құрсауынан шығарды. Ал өңірде әлі 1300-ге жуық отбасы жарықсыз отыр. Орал, Ақсай қалалары мен 4 ауданда үзілген электр желілері қалпына келтіріліп жатыр.

Дамир Тілеубаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

Ауа райы нашарлаған кезде 50-ден астам жүк көлігі, 20-дан астам жеңіл көлік жолдан шығарылды. Оның ішіндегі 64 адам құтқарылды, солардың 8-і балалар. Ең бастысы, жолды жабар кезде жолға шығып кеткен немесе жолда қалып қойған кісілерді далада қалдырмау.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу