ШҚО-да қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

06.01.2023

Шығыс Қазастан облысында ақ боран әлі басылған жоқ. Кешелі бері аймақта ахуал тіпті қиындап кетті. Алыс аудандарды айтпағанда, халық қалаға іргелес ауылдардың өзіне жете алмай жатыр.

Коммуналдық мекемелер тәулік бойы жұмыс істегенмен, қарлы дауыл дес бермей тұр. «Қазгидромет» орталығының ескертуіне қарамай жолға шығып кетіп, қар құрсуында қалып жатқандар да бар.

Тарбағатай ауданында 4 адам жолда адасып кеткен. Арада бірнеше сағат өткенде аман-есен құтқарылды. Ал Зайсан ауданында құтқарушылар ауыр науқасты арнайы көлікпен ауруханаға жеткізді. Ұлан ауданында көліктері қарға батқан екі жолаушы да дер кезінде құтқарылды.

Жалпы шығыста өткен түннен бері 14 бағыт бойынша автокөлік жолы жабық. Оның алтауы республикалық, тоғызы облыстық маңыздағы жол.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу