Шығыс Қазақстанда адасып кеткен омарташылар құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда адасып кеткен омарташылар құтқарылды

05.12.2023

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қарлы боранда үш омарташы адасып кетті. Оның біреуі он үш жастағы бала.Олар бірнеше күн бұрын омартаға аттанып,одан соң мүлде хабарсыз кеткен. Жазда ара өсіретін ол аумақта мүлде байланыс жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері арнайы техникамен барып құтқарды. Бәрі аман сау. Ал омарташылардың көлігі сынып, кері қайта алмай қалған.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу