Алматы облысындағы Сарқан ауданының жастары малды онлайн саудалауға болатын сайт құрастырды
Алматы облысындағы Сарқан ауданының жастары ауыл шаруашылығына және ел тұрғындарына тиімді сайт құрастырды. Жаңа платформа мал саудалауға бағытталған. «Бірақ, оның аясын кеңейтуге әбден болады», - дейді жас өнертапқыштар.
Сарқан ауданының тұрғындары жаңа сайтты бірден меңгеріп алды. Үйден шықпай, базар сандалмай қорадағы малын сайт арқылы саудалауға әбден машықтанған. Үміт Исаева бордақыда тұрған қой-жылқысын сайтқа тіркесе, бірден өтіп кететініне сенімді.
Үміт Исаева, Сарқан қаласының тұрғыны:
- Биемді саттым. Енді Құрбан айтқа бордақыланған қошқар сатамын. Күзге жақын ешкілерімді, қойларымды сатамын.
Әдетте тұрғындар мал базарына төрт түлігін жетектеп немесе көлік жалдап жетеді. Базарға кіргені үшін де, тұрғаны үшін де ақы төлейді. Онда да мал өтсе, жақсы. Өтпесе, қайта қайтуға мәжбүр. Міне, осындай машақатты көрген сарқандық Аслан мен Әнуар сайт құрастыруға кіріседі. Нәтижесі де жаман емес. Екі айда сайттың мобильді нұсқасын 5 мыңдай адам жүктеген.
Әнуар Сәлімбеков, сайт безендірушісі:
- Үй жануарларын сатуға болады. Тауық, үйрек және зоотауар салуға болады. Ауыл шаруашылығы мемлекеттік бағдарламасын енгізу жоспарда бар. Адамдар мемлекеттік субсидиялар туралы үйлерінде отырып мәліметтерін ала алады.
Жігерлі жастардың сайттан басқа да әлеуметтік жобалары жеткілікті. Ауданда роботехниканы дамытып, ауыл жастарының IT технологияларды жылдам меңгергенін қалайды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы