Алматы облысында Хан Тәңірі шыңын бағындыру медиаэкспедициясы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Хан Тәңірі шыңын бағындыру медиаэкспедициясы өз мәресіне жетті

08.08.2018

Еліміздің ең биік тауына киноактер Әнуар Нұрпейісов пен актриса Айсұлу Әзімбаева көтерілді. Әуесқой альпинистер екі аптаға созылған саяхаттың қызығынан қорқынышты тұстары көп болғанын айтады. Кино жұлдыздарынан бөлек, бұл сапарға Жетісу географиялық қауымдастығының жетекшісі Әнуар Демегенов пен спортшы, әрі оператор Александр Кузнецов қатысты. Ауа райы қолайлы болса да, экспедиция мүшелерінің ешқайсысы Хан Тәңірінің ең биік нүктесі жеті мың метрлік биіктікке жете алмады. Айсұлу Әзімбаева 6 мың метр биіктікті бағындырса, Әнуар Нұрпейісов 5400 метрмен шектелген. Саяхатшылар мұны дайындықтың аз болғанымен түсіндірді. 

Әнуар Нұрпейісов, «Хан Тәңірі» медиаэкспедициясының мүшесі, актер:

- Бүкіл өміріме есте қалатын әсермен келдім. Осы экспедициядан кейін өз өміріме басқаша көзбен қарай бастадым.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу