Литвалық экспедиция Қазақстанда
«Сібір миссиясы» экспедициясы Қазақстанда. Литвалық бір топ ерікті біздің елге келіп, кеңестік кезеңде Қазақстанға жер аударылған литвалықтардың бейіттерін аралады. Аталған экспедиция мүшелері Қарағанды, Балхан және Жезқазған өңірлерінде болды. Олар осы аймақтарда жерленген қандастарының бейіттерін тазартып, оларға арнайы белгілер орнатқан. Сондай-ақ, олардың ұрпақтарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, тарихи мәліметтер жинады.
Литвалық «Сібір миссиясы» экспедициясы бұған дейін Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне де осындай сапар ұйымдастырған. Жобаның масқаты - Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени байланысты бекемдей түсу. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері экспедиция мүшелерімен кездесіп, оларға көпұлтты Қазақстан туралы ақпарат берді. Айта кету керек, соңғы санақ бойынша елімізде 10 мыңға жуық литва ұлтының өкілі тұрады.
Нейрус Пранскевичус, «Сібір миссиясы-2018» экспедициясының мүшесі:
- Біз адамдар жерленген 16 бейітті ғана аралап үлгердік. Онда жерленген 200-ге жуық туыстарымызды таптық. Кітаптан оқыған бір бөлек, көзбен көрген басқа сезім. Бұдан бөлек, Астана іргесіндегі «АЛЖИР» лагерін де аралап көрдік. Қарағанды қаласында бірнеше рет болдық. Көптеген тарихи деректер жинадық. Оларды кітап немесе ғылыми еңбек етіп жариялаймыз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы