ДДСҰ: Қазақстан ана мен бала денсаулығына үнемі көңіл бөліп келеді
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан СОР 31 халықаралық конференциясы аясында құрылған Қазақстан павильонына шетелдік қонақтар тарапынан қызығушылық өте жоғары. Алаңға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус та келіп, еліміздің бастамаларына жоғары бағасын берді. Ол еліміздің экологиялық мәселелер мен денсаулық сақтау саласына аса мән беретінін тілге тиек етті. Әсіресе Қазақстанның ана мен бала денсаулығына жіті көңіл бөліп отырғанын ерекше бағалады.
Тедрос Аданом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:
Қазақстанның ұлттық павильонына келгеніме және панельдік отырысқа қатысқаныма қуаныштымын. Климаттың өзгеруі, әсіресе аптап ыстық жүкті әйелдер мен құрсақтағы сәбилерге кері әсер етеді. Сондықтан бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет. Қазақстан дәл осы бағытта нақты ұсыныстар көтеріп отыр. Қазақстанның COP31 конференциясына қатысып қана қоймай, белсенділік танытып, басқа елдерге үлгі көрсетіп отырғанына қуаныштымын, әрі мақтан тұтамын.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Осы үлкен жиынның қорытындысында анталиялық декларация қабылданады. Бұл декларация денсаулық сақтау саласына сай платформа құрылмақ. Ол платформаның ішінде бүкіл елдер өздерінің климатқа байланысты, халықтың денсаулығы өзгеруіне айтарлықтай бір жаңалықтарымен бөлісуге немесе қазір біз экологиялық протокол дегенді қарастырып жатырмыз сондай нәрселерді біз де бүгін ұсындық. Осы платформада кез келген ел өзіне керегін тауып алуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы