Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 14 т/ж вокзалын жөндеді

Қарағанды облысында 14 т/ж вокзалын жөндеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 14 нысан қалпына келтірілді. Мәселен Осакаров ауданындағы Сарыбел станциясы бұған дейін мүлде жөндеу көрмеген.

Аудан орталығындағы нысан тоғыз жолдың торабына айналған. Мұнда 12 кірме жол арқылы жүк тасымалданады. Онымен қоса еліміздің 7 бірдей ірі қалаларына жолаушылар қатынайды. 1965 жылы салынған ғимарат бүгінде толығымен жаңарды. Енді мұнда ана мен бала бөлмесі бар, жолаушылар перроны, санитарлық тораптар мен қызметтік кабинеттер де ретке келтірілді.

Сауалнама:

- Қыста салқын болды, кірген кезде жайсыз болды. Киім қоятын жер болмайтын. Қарлы бұрқасын көп болады. Ыңғайсыз болатын. Қазір жақсы. Қуаныштымын. Өзім жиі қатынаймын

- ⁠Ескі нашар болды. Пойыз күткенде тоңып тұратынбыз. Есік терезе бәрі ескі болды. Қазір бәрі жаңа.

Сонымен қатар жылу, электр желілері ауыстырылып, ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлмелері жөнделді. Вокзал маңы абаттандырылып, ғимараттың іші-сырты түгел жаңарды. Сарыбел станциясы арқылы айына 100-ден аса жолаушы қатынайды.

Серік Әкіжанов, Осакаров кентінің әкімі:

Кентіміздің жолдарында қатты боран болғанда көп кісілер вокзалды пайдаланады. Күніне 200 адамға дейін пойыз арқылы керек жеріне жетеді.

Бөлісу