«Тұмар 112» мобильді қосымшасы дайын болды
«Тұмар 112» мобильді қосымшасы әзірленді. Үкімет отырысында бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов мәлім етті. Қосымша арқылы тұрғын үйлерді тексеру жұмыстары электронды түрде тіркеледі. Мамандар өрт қаупін фотоға түсіріп, нақты мекенжайын белгілейді, ал барлық мәлімет бір базаға жинақталады. «Тұмар 112» мобильді қосымшасындағы деректер өрт қаупі жоғары үйлерді анықтап, кемшіліктердің уақытында жойылуын бақылауға көмектеседі. Ал өрт шыққан жағдайда нақты ақпарат беріп, оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Мұрат Мұханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Осылайша профилактикалық жұмысты және жедел ден қою шараларын біріктіретін бірыңғай цифрлық жүйеқалыптастырылуда.Қазіргі уақытта жоба Абай облысында пилоттық режимде іске қосылды. Сынақ нәтижелері бойынша оны өңірлерде одан әрі енгізу жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы