Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынады

Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынады

Жамбылда жылына 1 миллион тонна қант қызылшасын терең өңдейтін зауыт салынады. Кәсіпорын құрылысын түрік инвесторлары 2029 жылға дейін аяқтамақ.

Бұл туралы Президент Жолдауын жан-жақты түсіндіру тобымен өткен басқосу барысында белгілі болды. Ақпараттық топпен кездескен агро сала мамандары су үнемдеу технологиясы, субсидия қаржысы және өңдеу мәселесін қозғады. Мемлекет басшысы да Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді назардан тыс қалдырған емес. Енді елімізде 2029 жылдың аяғына дейін 6 ірі инвестициялық жоба іске асады. Зауыттарда арпа, бидай, жүгері және қант қызылшасы секілді 6 млн тонна астық терең өңделеді. Соның бірі Жамбылдағы жаңа қант зауыты. 

Әбілхайыр Тамабек, Құрылтай депутаты:

Жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаражаты Германияның «Додж банк» дейді, содан қаражат алу мәселесі шешілді. Қазір «Астана» қаржы орталығына компаниясын тіркеді. Осы 1-2 айдың көлемінде Жамбыл облысына компанияның филиалын ашатын болады. Одан кейін келесі жылдан бастап қант зауытының құрылысымен жұмыстарды бастайды.

Бөлісу