Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлемейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлемейтін болды

30.07.2018

Риддер қаласында жас жігітті қағып өлтірген әкім орынбасарына қатысты дау әлі басылар емес. Естеріңізге сала кетейік, Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев ішімдікке тойып алып, жол шетінде кетіп бара жатқан 19 жасар жігітті ажал құштырған болатын.

Көлікте Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев та болған. Тұмабаев оқиға орнынан көлікті мініп кетіп қалған. Әкім қылмыстық оқиғаға тек куәгер ретінде ғана тартылды. Көліктің сақтандыру полюсінде аты-жөні болмағандықтан, Тұмабаевқа 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Мұнымен келіспеген Өскемен қаласының әкімі сотқа шағымданған. Сот Тұмабаевтың арызын қанағаттандырып, оны айыппұл төлеуден босатты.  

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу