Ақмола облысында топырақтың астында қалып, екі аяғынан айырылған экскаватор жүргізушісі ауруханада көз жұмды.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілде күні кен орнында Мадияр Төлеубек отырған техникаға 80 тоннадай тас үйіндісі құлап, екі аяғы қысылып қалғанын, құтқарушылар оны 12 сағаттан соң ғана үйінді астынан шығарып алғанын хабарлаған едік.
Содан Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген жұмысшының өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер оның екі аяғына да ампутация жасаған. Мадиярдың денесінде қан айналысы дұрыс жүрмей, азғаға айтарлықтай зиян келген екен. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаған, бірақ, өмірін сақтап қала алмады.
Дмитрий Чайков, дәрігер:
- Науқас ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Қан айналымы дұрыс болмағандықтан бүйрегіне зақым келген. Кейін өкпесі де қалыпты жұмыс істеген жоқ. Болған жағдай оған психологиялық әсер еткені де сөзсіз. Дәрігерлер тарапынан қолдан келгеннің барлығы жасалды.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
