Шара елдегі музей ісінің майталмандарын анықтау, олардың мәртебесін асыруға бағытталған. Байқау қорытындысы жылдың соңында шығарылады. Жеңімпаздар марапатталып, шетелге бір айға оқуға жіберіледі. Сондай-ақ, «Музей ісінің үздігі» жобасы аясында тұңғыш рет танымдық энциклопедия жарық көрмек. Басылымға саланың дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлер жайлы ақпарат енгізіледі.
Рыскүл Бекталиева, ҚР Ұлттық музейінің қорларды жинақтау, есепке алу және сақтау қызметінің жетекшісі:
- Республикамызда 238 музей бар деп анықталды. Олардың 6-ы республикалық дәрежедегі, 9-ы қорық музей, 214-і облыстық және 8-і ведомстволық бағыныстағы музей. Осы музейлердің сүбелі бөлігі тәуелсіздік жылдарында ашылды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.