Басты Жаңалықтар Қырғыз елінде мерзімінен бұрын босанып қалған ана мен шақалағы Тараз қаласына жеткізілді

Қырғыз елінде мерзімінен бұрын босанып қалған ана мен шақалағы Тараз қаласына жеткізілді

Ыстықкөлге демалуға барған алматылық келіншек Бішкек қаласында ай-күніне жетпей босанып қалған болатын. Қазір дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсарды деп отыр. Табан асты толғақ қысқан анаға Шолпан ата қаласындағы перзентхана мамандары көмек көрсетуден бас тартқан. Ондағы медициналық мекемеде шала туған сәбиге арналған арнайы құрылғы болмаған.

Бұл іске Қырғыз еліндегі Қазақстан консулы көмектесіп, нәтижесінде салмағы 2 келіге де жетпейтін 33 апталық шарана Бішкектегі Ұлттық ана мен бала орталығында дүниеге келген. Елшілік Бішкектегі Ана мен бала орталығы және Жамбыл облыстық перинаталды орталық арасында өзара байланыс орнатып,  сәби мен анасы Тараз қаласына аман-есен жеткізілді. 

Юлия Когай, Алматы қаласының тұрғыны:

- Сәбиімнің жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Дүниеге келе сала түрлі ауыр ем, шаралар алды. Барлық дәрі-дәрмекті ішуді тоқтаттық. Қазір емін-еркін тыныс алып, ана сүтін еміп жатыр.

Талғат Толықбаев, Жамбыл облыстық перинаталды орталығының бас дәрігерінің орынбасары:

- Нәрестенің жағдайы босанған кезде өте ауыр болған. Біз ол жақтағы дәрігерлермен телефон арқылы хабарласып тұрдық. Енді біздің елге аман-есен жеткізіліп, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу