Балалардың жазғы демалысы қызықты өтіп жатыр. Алматы облысындағы «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қазір 700-ге жуық бала бар.
Мұнда елдің әр қиырынан келген оқушылар күн сайын танымдық жарыстарға қатысып, танымал тұлғалармен кездеседі. Осылайша, олар әркез ой қабілеті мен спортқа бейімділігін нығайтып келеді. «Мұндай игі шаралар шәкірттердің оқу жылын сергек бастауларына зор септігін тигізеді», - дейді мамандар.
Махаббат Тұрабекова, оқушы:
- Алматы қаласынан келдім, осында болғаныма өте қуаныштымын. Бұл жаққа келген кезде тек өзіміздің қаланың балалары демалады деп ойладым. Бірақ, республикалық оқу-сауықтыру орталығы болғандықтан, әр қаладан әртүрлі дарынды балалар келді. Біз достасып үлгердік. Әрбір демалысым ертеңгі күнге тарих деуге де болады.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.