Бұл туралы автомобиль өнеркәсібі жұмысының бірінші жартыжылдығын қорытындылаған баспасөз жиынында айтылды. Биыл Қазақстанда жеңіл көлік өндірісі 76 пайызға өсіп, отандық автомобиль зауыттарының өнімдеріне деген сұраныс арта түскен.
Ал, отандық автокөлік өнеркәсібінің нарықтағы үлесі 48 пайызға жетті. Сондай-ақ, шетелде шығарылған көліктерді сатып алу 12 пайыздан 5 пайызға дейін қысқарған.
Олег Алферов, «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ-ның директорлар кеңесінің төрағасы:
- Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республика аумағында жалпы құны 88 млрд. теңгеден асатын 14660 авкөлік шығарылған. Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 67 пайызға артқан. Оның ішінде жеңіл көлік өндірісі 76 пайызға ұлғайған. Олардың 62 пайызы Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» зауытына тиесілі болса, 37 пайызын Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты шығарған.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.