Д.Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған  мұғалім бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған  мұғалім бас бостандығынан айырылуы мүмкін

25.07.2018

Әйгілі спортшы Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған  мұғалім 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Осыдан бірнеше күн бұрын Шерхан Байзенов «Instagram» парақшасына Денис Теннің суретін салып, «...қытайларды өлтіру керек» деп жазба қалдырған болатын. Оның бұл әрекеті орны толмас қазаға қайғырып  жатқан жұрттың ашу-ызасын тудырды.

25 жастағы Шерхан Байзенов - Белес ауылындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі. Кейін ол өз әрекетіне өкініп, халықтан және чемпионның ата-анасынан кешірім сұрады. Денис Теннің кім екенін білмедім деп ақталды. Алайда, кейбір ата-аналар бұдан былай оның мектепте балаларды оқытуына қарсы.

Ибрагим Жүсіпқалиев, БҚО ІІД баспасөз қызметкері:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлімі,  яғни, әлеуметтік, ұлтаралық алауыздықты тудырды деген айыппен соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Назерке ТОҒЖАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу