Ұлттық арна тұрақты назарда ұстап отырған, Алматыда көлік қаққан 5 жасар бала бүгін тілге келіп, жан-жағындағылармен сөйлесе бастаған. Алайда, мамандар оның жағдайын әлі де «тұрақты ауыр» деп бағалап отыр.
Баланың беті бері қараған соң, оны жансақтау бөлімінен нейрохирургиялық бөлімге ауыстырыпты. Қазір күндіз-түні жанында анасы қарап отыр. «Көлік қаққан кезде баланың бас сүйегіне қатты зақым келгендіктен, оған тағы бір күрделі операция жасалады», - дейді дәрігерлер.
Дінмұхамед Рузуддинов, қалалық Балалар жедел медициналық жәрдеморталығы бас дәрігердің орынбасары:
- 2-3 апта деп ойлап отырмыз. Одан кейін реабилитация уақытын көреміз. Жабық ми жарақатына қарсы препараттарды алып жатыр. Ми айналуын жақсартатын препараттар, дәрумендер алып жатыр.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ