Қызылордада сотталғандар наразылық танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада сотталғандар наразылық танытты

24.07.2018

Қызылордада сотталып, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан 4 адам наразылық білдіріп, ауыздарын тігіп тастаған. Олардың айтуларынша, қатаң тәртіптегі ЗК 169/5 түзету мекемесінде еш жағдай жоқ. Мекеме қызметкерлері сотталғандарға үнемі дөрекілік көрсетіп, туған-туыстарымен телефонмен сөйлесуге де мүмкіндік бермейді екен. Бас бостандығынан айырылған жандардың туыстары мен жақындары бұл жөнінде қоғамдық бақылау комиссиясына шағымданған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Ғанибек Отарбаев қазірде жағдайдың қалыпқа келгенін айтады.

Ғанибек Отарбаев, облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы:

- 4 адам мекеменің әкімшілігінен іштегі ауаның тарлығынан есікті ашып қоюды талап етті. Бұған енді нормативтік актіге байланысты ол қапастың есіктері ашылмауы керек. Өмірі жабық болуы керек. Серуендеу кезінде ол қапастар тазартылып, форточка ашық тұрады. Барлық жағдай жасалған. Өз еркімен олар сымдарын еріндерінен алып тастады. Қазір жағдайы жақсы, тамақ алып отыр.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу