Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандар парашютпен секіруде бақ сынамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандар парашютпен секіруде бақ сынамақ

24.07.2018

Ресейдің Рязанск облысында өтетін фестивальге еліміздің атынан 4 адам барады. Олар жетекшілерімен бірге парашютпен секіріп, әуеде түрлі жаттығу жасайды. Спорттың осындай экстремалды түрімен айналысып жүргендер Қазақстанда әзірге аз. Отандастарымыз көрші елде өтетін инватуризм жарысына алғаш рет қатысқалы отыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген адамды жинаған халықаралық фестивль өзі осымен 3 рет өткізіліп отыр. Оның алдында Франция, Беларусьте ұйымдастырылған. Жалпы, Қазақстанда жылына 3-4 мүмкіндігі шектеулі азамат қана өз қалауымен парашютпен секіруге барады екен. 

Жанат Бағдағұлова, «Дос» мүмкіндігі шектеулі азаматтар ұйымының мүшесі:

- Бірнеше жылдан бері парашютпен секіргім келіп жүрген еді. Алғаш рет көкке көтеріліп, әуеде қалықтағанда бойымдағы еркіндікті сезіндім. Өзімді өзге қырымнан таныдым. Мүмкіндігімнің шектеулі болғанына қарамастан, бірнеше рет парашютпен секірдім. Енді, міне, менің әуесқойлығым мені кәсіби спортшыға айналдыра білді. Жарысқа қатысуға сақадай саймын.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу