Естіген елдің жағасын ұстатып, ашуын келтірген тағы бір жол-көлік оқиғасы осыдан бір апта бұрын Алматының Шығыс айналма автожолында болды. Онда 5 жасар баланы көлігімен қағып кеткен жүргізуші бүлдіршінге көмек көрсетпек түгіл, ағаш түбіне тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні полиция әлі күнге дейін іздестіріп жатыр. Ал, ес-түзсіз жатқан жерінде сол маңда тұратын адамдар тауып алып, ауруханаға ауыр жарақатпен жеткізілген балаға дәрігерлер шұғыл операция жасады. «Қазір денсаулығы жақсарып келеді», - дейді дәрігерлер.
Нұржан Исабеков, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Жағдайы жақсарып келе жатыр. Бала есін жиды. Егер 1-2 күнде жақсы болса, бөлімшеге ауыстырамыз. Бас миының жарақаты анықталды. Ота жасалды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ