Түркістан облысы Шардара ауданының 30 ардагері Астананы 3 күн армансыз аралады. Зейнетке шыққанша бейнеттен қашпаған олардың қатарында шопан, құрылысшы және ұстаз да бар. Бәрі елорданың көрікті жерлерін шаршамай-шалдықпай аралап шықты. Әуелі «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастап, сосын басқа да сәулетті нысандарға соқты. Қариялардың ең үлкені 80-ге таяған. Бұл сапар өңірге еңбегі сіңген егде кісілерге құрмет ретінде өткізіліп отыр. «Алда тағы көршілес аудандардан еңбек және тыл ардагерлері Астананы көруге келеді», - дейді саяхатшылар.
Тоқсанбай Бердібеков, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Астанамыздың көркейгенін, өзгергенін көріп, ақсақалдар риза болып жатыр. Елордамыз осылай көркейе берсін. Асқақтай берсін.
Әмзе Оспанұлы, Шардара ауданының Құрметті азаматы:
- 20 жылдың ішінде керемет өзгерген. Ғимараттары керемет.
Нысаналы ЫҒЫЛ