Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков халықаралық «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков халықаралық «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды

19.07.2018

«Атом» жобасының құрметті елшісі, қарағандылық белгілі суретші Кәріпбек Күйіков халықаралық «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл мәртебелі марапатқа әлем бойынша 5 адам лайық деп танылса, соның бірі - отандасымыз. Марапат қазан айында Австрияда тапсырылмақ.

Ал, бүгін қылқалам шебері ердің жасы 50-ге толып, Қарағандыда шығармашалық есеп беру кешін өткізді. Кәріпбек Күйіковтің ата-анасы ұзақ жыл Семей ядролық сынақ полигонынан 20 шақырым жердегі Мыржық ауылында тұрған. Кейін Егіндібұлақ елді мекеніне қоныс аударып, Кәріпбек дүниеге келген.

Ядролық сынақтың зардабынан сәби екі қолсыз кемтар туған. Мамандардың айтуынша, сол уақытта полигон маңындағы елді мекендерде әрбір 20-шы бала мүгедек болып туған.  Кәріпбек Күйіков қылқаламын тастаған емес. Ол өз туындыларын аяғымен немесе аузымен салады. Ядролық қарусыздану қозғалысының белсенді мүшесі барлық еңбегінде өзі тәрізді сынақ зардабын тартқан жандарды бейнелейді. Шығармашылық есеп беру кешінде суретші өзінің ең таңдаулы 50-ге жуық туындысын қойды. 

Кәріпбек Күйіков, суретші:

- Бүгін қандай да бір жетістікке жетсем, ол бірінші кезекте ата-анамның арқасы. Дәрігерлердің үкіміне қарамастан, мені далаға тастамай, бағып-қағып, осы күнге жеткізді. Алты жасымнан бастап сурет сала бастадым. Қабілетімді алғаш байқап, қолдау көрсеткен, шығармашылық тұрғыда жетілуіме ықпал еткен де осы жүрегіме ең жақын адамдар.  

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.   

Хабарламаларға жазылу