Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жол апатынан 4 адам қаза тапты
Жамбыл облысының Байзақ ауданы аумағында ірі жол апаты болды. 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында тіркелді. «Volvo» маркалы жүк көлігі мен «Nexia» жеңіл көлігі таңғы сағат 3 жарым шамасында Мырзатай ауылы маңында соқтығысқан. 3 адам оқиға орнында жантәсілім еткен. 1 адам аурухананың қабылдау бөлімінде көз жұмды. Жол апатынан аман қалған 49 жастағы әйел Алматы облысы Қарғалы ауылының тұрғыны екені анықталды. Қазір аудандық ауруханада тыныс алу аппаратына қосылған, жағдайы ауыр.
Гүлназ Мағұртбаева, Байзақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Қазір реанимация бөлімінде жатыр. Жарақаттан кейінгі 1-дәрежелі шок алған. Жағдайы ауыр. Өзіне тиісті ем қабылдауда.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы