Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған Қазақстан азаматы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған Қазақстан азаматы анықталды

18.07.2018

Парижде Қазақстан азаматы 65 миллион еуроға пәтер сатып алды деген ақпарат расталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады. Салық органдары Францияға сұрау салып, пәтер иесін анықтаған. Белгілісі, пәтер салығы төленген табыс көзінен сатып алынған. Айта кету керек, бұған дейін шетел ақпарат құралдары қазақстандық Үкімет мүшелерінің бірі Парижден ауданы 1200 шаршы метр болатын пәтер сатып алды деген ақпарат таратты. Пәтер Париждің бас алаңы Елисей алқабы маңында орналасқаны да айтылған. 

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік Кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Салық төлеуші Қазақстан азаматы бізге өзі туралы мәліметтерді жариялауға рұқсат берген жоқ. Ол өзінің табыстарын көрсетіп, одан салық төлеп, қалған ақшаға пәтер сатып алған. Ол Үкімет мүшесі емес.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу