Кездесуге пратия хатшысы Тамара Дүйсенова қатысып, халықтың түйткілді мәселелерін тыңдады. Қалалық әкімдік өкілдерімен бірге оның шешу жолдарын қарастырды. Азаматтардың шағымы көбінде мүгедектік туралы құжат алуға, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек дауларына, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру түйткілдеріне байланысты болып отыр. Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған еді. Сол уақыттан бері халық пен билік арасындағы тікелей кездесулер нәтижесін беріп келеді. Мәселен, осыдан 1 ай бұрын Тамара Дүйсенова өткізген қоғамдық қабылдауда 20 адамның мәселесі қаралып, оның 13-не толық көмек көрсетілген.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Бүгін де он шақты азамат келіп отыр. Әрине, кәсіпкерлік көмек бойынша көмектесуге толық мүмкіндік бар, оның жолын айттым. Қуантатын нәрсе, кәсіпкерлікті дамытамыз деген азаматтар да, жастар да, аналар да бар. Біз «Атамекен» палатасымен, содан кейін қаржы ұйымдарымен бірге де көмектесуге даярмыз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ