Тараз қаласында алғашқы ІТ-сынып ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласында алғашқы ІТ-сынып ашылды

13.07.2018

Мұнда оқушылардың  робототехника, 3D модельдеу ісін меңгеріп шығуына толық мүмкіндік бар. Бастама  «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асып отыр.  Мектепке  8 және 16 жас аралығындағы оқушылар қабылданады. Оқу тегін. IT-сыныпқа келем деушілерді «STEM center» академиясында  білімін жетілдірген мұғалімдер оқытады. Оқушылардың зерттеу қабілетін дамытып, техникалық-шығармашылық машыққа баулитын мектептің ашылуына бюджеттен 5 млн. бөлініпті. Жыл соңына дейін өңірде тағы осындай 12 IT-сынып ашылады. Орталықтар әзірге 1300 оқушыны қамтыса,  2020 жылы бұл көрсеткіш екі есеге өспек.

Абылай  Қалдыбек, оқушы:

-Болашақта робототехник боламын. Жастарға осындай сынып ашып берген Елбасымызға рахмет.

Бахтияр Ошақбаев, оқытушы:

- Оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды.

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ                

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                   

Хабарламаларға жазылу