Басты Жаңалықтар Басқұдық ауылына спорт кешені керек

Басқұдық ауылына спорт кешені керек

Ауылға спорт кешені керек. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының тұрғындары депуттармен кездесіп, осындай тілектерін жеткізді. Спорт мектебінде 750 бала шұғылданады. Олардың арасында Азия чемпионаты мен әлемдік қол күресі ойындарында ел намысын қорғап жүрген саңлақтар бар.

Әйтсе де, ғимарат балалар үшін тарлық етуде. Орын жоқ болғандықтан жастар басқа жерлерде жаттығуға мәжбүр. «Ауылда  халық саны өсіп келеді, сондықтан бізге  арнайы спорт кешені керек»,- деді тұрғындар.

Сондай-ақ, депутаттар Қызыл төбе ауылына барып, жаңадан ашылған IT-сыныпты көрді. Оқушылар соңғы технологияның арқасында робототехника ілімін меңгеруде.    

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еліміздің болашағы ақпараттық технологиялармен байланысты. Бүкіл салалар цифрландыруға көшуде. Балалар мектеп қабырғасынан бастап үйренгені дұрыс. Ауылдық мектепте IT-сынып ашылғаны көңілге қонымды, қолдайтын бастама.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Бөлісу