Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

13.07.2018

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Мақсаты – Елбасы Жолдауы және мемлекеттік, салалық бағдарламалардың орындалу барысымен танысу. Үкімет басшысы облыс әкімі және іскер топ өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ, аймақтың өнеркәсіптік және индустриалды, кәсіпкерлік нысандарында болды. Мұғалжар ауданындағы Жаңажол газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Көгілдір отын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбыры арқылы оңтүстік өңірлерге жеткізіледі. Бұл бес әлеуметтік бастаманың оңтайлы іске асуының айғағы.

Премьер-Министр «Юбилейный» алтын кенішінің және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыстың барысын көрді. Бүгінде мыңдаған ақтөбелік отбасының баспана мәселесі шешілді. Өткен жылы 2300 пәтер тапсырылса, биыл 2500 пәтер қолданысқа берілмек.

Ақтөбені ақылды қалаға айналдыратын өзіндік ерекше жоба - энергия тиімділік орталығында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы баяндалды.

Мұнай құрылғылары зауыты да назардан тыс қалмады. Өңірде құны 76 млрд. теңгенің 15 индустриалды жобасы жүзеге асуда.

Премьер-Министр жол жөндеу жұмыстары мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралі  бойындағы сервистік қызмет көрсету орталықтарының дамуын да бақылады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған әлеуметтік нысандарды аралап көрді.   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу