Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша аудармаған фрилансерлер жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша аудармаған фрилансерлер жауапқа тартылады

12.07.2018

Бұдан былай, олар табыстарының 10 пайызы көлемінде жарна төлеуге міндеттеледі. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қор басшылығы осылай деп мәлімдеді.

Олардың сөзінше, «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 25 бабына өзгерістер енгізілген. Соған сәйкес, енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуі шарт. Ал, егер агенттер уақытында ақша аудармаса, өсіммен өтейді. Алғашында оларға айыппұл салынады. Мұндай жағдай кейін тағы да қайталанса, жауапқа тартылады. Заң 14 шілде күні күшіне енеді.

Қадыржан Забих, «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Айта кетелік, бұл тәртіп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар үшін күні бүгінге дейін міндетті негізде қолданылып келеді. Ал, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейін тек міндетті зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Енді жоғарыда атап көрсетілген түзетулер күшіне енген соң, міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетінше аударулары тиіс.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу