Швейцария Қазақстанмен әріптестікті арттыруға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцария Қазақстанмен әріптестікті арттыруға мүдделі

11.07.2018

Швейцария Қазақстанмен әріптестік орнатып, инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы осы елдің экс-президенті қазір экономика, білім беру және зерттеу департаментінің басшысы қызметін атқарып жүрген Йоханн Шнайдер Амманн айтты. Бүгін Астанада қазақстандық кәсіпкерлер мен мүдделі органдардың және швейцариялық кәсіпкерлердің кездесуі өтті. Онда өзара әріптестікті арттыру мәселесі талқыланды.

Атап айтсақ, швейцариялықтар біздің елдегі көлік тасымалы, құрылыс және фармацевтика саласына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты. Оған екі елдің осы саладағы 50-ден астам кәсіпкерлері қатысты. 

Йоханн Шнайдер Амманн, Швейцарияның экономика, білім беру және  зерттеу федералды департаментінің басшысы:

Швейцария тарапынан 25 кәсіпкер келді. Мұндай үлкен құрам әдетте жинала бермейді. Бұл біздің Қазақстанмен әріптестікті арттыруға деген ықыласымызды білдіреді. Бұл алғашқы кездесу. Сондықтан да нақты шешімдер туралы айту әзірге қиын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу