Бүгін Мәжіліс депутаттары Павлодар облысындағы «Қазақстан алюминий» зауытына барды. Еліміздегі іргелі кәсіпорынның жұмысымен танысқан халық қалаулылары жұмысшылармен кездесті. Кездесуде оларға Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы басым бағыттар түсіндірілді.
«Қазақстан алюминий» зауыты – еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі. Алюминий қоспасының басым бөлігі осы жерде өңделеді. Жылына мұнда 1 млн. 800 мың тонна алюминий тотығы шығарылады. Зауыт жыл сайын өндірісті арттыруға күш салып келеді. 54 жылдық тарихы бар өндіріс ошағында осы уақытқа дейін 55 млн. тоннадан астам өнім алынған.
Айта кетерлігі, алюминий зауыты осы уақытқа дейін боксит шығару және алюминий тотығын өндірумен ғана айналысып келді. Кейінгі жылдары кәсіпорындағы тынымсыз еңбектің арқасында алюминий құюға арналған қалыптар да шығарыла бастаған болатын. Бұл да зауыт үшін айтулы жетістіктердің бірі болып отыр.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.