Ақсу қант зауытын жаңғырту жұмыстары жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қант зауытын жаңғырту жұмыстары жүруде

11.07.2018

Ақсу қант зауытын жаңғырту жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Күзге қарай кәсіпорынды қайта жабдықтаудың бірінші кезеңі аяқталады. Сөйтіп, зауытта биыл 150 мың тонна қант қызылшасы өңделмек. Одан 14 мың тонна қант алынады. Алып нысанды Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов көріп қайтты. Кәсіпорында жаңа технологиялық желілер орнатылуда.  Он жыл тоқтап тұрған зауыт өткен жылы іске қосылып,  мыңдаған тонна шекер өндірген.

Биылғы жоспар былтырғыдан үш есеге көп. Сол себепті де технологиялық құрал-жабдықтардың көбі жаңалануда. Кәсіпорынның жүйелі жұмыс істеуі ең бірінші жер емген ағайынға қажет. Себебі, Ақсу, Алакөл, сарқандық шаруалар өнімдерін осында өткізіп, шығынды азайтады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу