Инвесторлар мемлекеттік қолдауға ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвесторлар мемлекеттік қолдауға ие

11.07.2018

Бизнес пен инвестицияларды жемқорлықтан қорғау акциясына қызығушылық арта түсті. Тек өткен 1 айдың ішінде 17 кәсіпкер әкімшілік кедергілерге қатысты арызданған және мәселелері дер кезінде шешілді.

Бүгін  Инвестициялар және даму министрлігімен Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі біріккен жобаның бір айдағы қорытындысын жариялады. Мәліметке сүйенсек, еліміздің барлық аймақтарында инвесторлар үшін арнайы фронт-офистер ашылған. Бизнес қауымдастықпен 29 кездесу ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғаса бермек.

Урбан Рыбак,  «Энерджи фактор»  компаниясының бас менеджері:

- Қазақстанда инвесторлар үшін көптеген жеңілдік қарастырылып жатыр.  Қазір мемлекеттік органдардың да бізге деген көзқарасы өзгерді. Бұрын заң талаптарында кедергілер болатын. Қазір жақсы жағына өзгерді. Инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы өкілдіктер бар. Оның үстіне барлық құжаттар электронды жүйеге ауысты. Мұның бәрі шетелдік инвесторларға үлкен қолдау.    

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу