Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның 13 елінен келген сарапшылар елордада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның 13 елінен келген сарапшылар елордада бас қосты

11.07.2018

Олар мемлекеттік саясатты қолдау бойынша стандарттарды енгізу мәселесін талқылады. Жиында ISO-ның аймақтық семинарында халықаралық үлгі бойынша жұмыс істеудің артықшылығы сөз болды. Жаңа стандарттардың  ел өңірлерінің индустриялық-инновациялық дамуына әсері айтылды. Бүгінде Қазақстан сапа бойынша халықаралық стандарттарға сай. Дегенмен, әлі де оның өзектілігін арттыру қажет,-дейді мамандар. Айта кетейік, Қазақстан 24 жылдан бері  ISO-ның толық құқықтық мүшесі болып келеді. Сондай-ақ, биылдан бастап еліміз осы ұйымның  кеңесіне қатысатын болады. 

Шынар Қызыбаева, ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Стандарттарды енгізу елдің экономикалық дамуына оң әсер етеді. Бүгінгі семинарға Шығыс Еуропа, Орталық Азия елдерінің сарапшылары қатысып жатыр. Бір апта бойы олармен тығыз байланыста жұмыс істеп, тәжірибе алмасып, бірқатар жобаларды қарастырмақпыз. Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметке жаңа регламенттерді енгізу.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу