Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында «Қымыз фест» дәстүрлі фестивалі өтті

Солтүстік Қазақстан облысында «Қымыз фест» дәстүрлі фестивалі өтті

Шара аясында ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, келушілерге қымыз, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдарымыз үлестірілді. Фестивальді тамашалауға келген меймандар қаз-қатар тігілген киіз үйлерге кіріп, қымыздың бірнеше түрінен дәм татты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы бұл шарада 2 мың литр қымыз бен бір тонна бауырсақ таратылған. Арнайы мерекелік керуен көше бойымен жүріп өтті. Ұлттық ойындарға Ресейден келген қонақтар да қызыға атсалысты.

Бибігүл Нұрпейісова, қымыз өндіруші:

- Бүгінгі күні тойымызға қазақтың дастарханының сәні - қымыз сусынын әкеліп отырмыз. Қымыздың адамдарға пайдасы өте мол, ауыратын адамға шипа береді, кішкентай балаларға күш-қуат береді. Бауырсақ та әкелдік.

 

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу