70 студент әлемдік ірі IT компанияларда тегін тағылымдамадан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

70 студент әлемдік ірі IT компанияларда тегін тағылымдамадан өтеді

09.07.2018

IT саласындағы жас мамандардың жаңа буынын қалыптастыру. «Самұрық-Қазына» қорының «Цифрлы жаз» бағдарламасы осы мақсатты көздейді. Маусым айынан бері жобаға әр өңірден 2000-ға жуық студент өтініш берген. Солардың ішінен ең үздік деген 70-і іріктеліп алынды. Енді жолы болған жастар әлемдік ірі IT компанияларда тегін тағылымдамадан өтеді. Кейін олар «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы», «Air Astana», «Қазатомпром» секілді белді кәсіпорындарға жұмысқа алынуы мүмкін. 

Тимур Тұрсынбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ департамент басшысы:

- Бізге қазір өте көп IT-мамандар қажет. Мысалы, бизнес-архитекторлар, проект-менеджерлер, бизнес-аналитиктер жетпей жатыр. Қазақстанда ондай мамандықтар көп дайындалмайтын болғандықтан, ұлттық компаниялар шетелден шақыруға мұқтаж болып отыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу