Қарағанды облысына барған Мәжіліс депутаттары «Ботақара жылу» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына барған Мәжіліс депутаттары «Ботақара жылу» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

09.07.2018

Қарағанды облысына барған Мәжіліс депутаттары Бұқар жырау ауданына қарасты Қушоқы ауылындағы «Ботақара жылу» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Жұмысшыларға Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асу барысын түсіндірді. Бұл кәсіпорын осы жылдың ақпан айында аудандық коммуналдық  меншікке өткен. Қазір сумен, жылумен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарып отыр. Осында 120 адам тұрақты түрде еңбек етеді. Еңбек ұжымына депутаттар шағын кәсіпкерлікті несиелендіру, «7-20-25» бағдарламасы, сапалы жоғары білім алудың қолжетімділігі, жалақысы төмен жұмысшыларға салықтық жеңілдіктер турасында егжей-тегжейлі айтып берді. 

Гүлнар Бижанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заңдық тұрғыдан бес әлеуметтік бастаманы жүйелі жүзеге асырудың негізі дайындалды. Енді ары қарай халыққа оны дұрыс түсіндіріп, нәтижелі әрекет ету керек. Біздер сол үшін ел ішін аралап жүрміз. Бұл бастамалардың игілігін қаланың да, ауылдың да тұрғындары көруі тиіс. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу