Шомылу маусымы басталғалы Баянауылда жазатайым жағдайлар жиілеп кетті. Кеше екі бірдей адам Жасыбай көлінде катамараннан құлап, суға батты. Қазір олардың мәйіті іздестірілуде. Демалыс күні де оқыс жағдай болып, 9 жастағы жеткіншек жартастан құлады. Баланың жағдайы мүшкіл. Жартас аса биік болмаса да жасөспірім таудың етегіндегі тасқа соғылған. Бас сүйегі опырылып сол жерде ес-түсінен айырылған. Қазір ауруханада жатыр.
Серік Шериязданов, ОТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:
- Бала 2-3 метр биіктіктен құлаған. Жанында ата-анасы болыпты. Жоғарыға көтеріліп бара жатып, аяғы тайған. Біздің Жасыбайдағы құтқарушылар барып, зеңбілге салып түсірді. Бас сүйегіне қатты зақым келген. Тікұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.