Қостанай облысында ұн өндіретін кәсіпорын іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ұн өндіретін кәсіпорын іске қосылды

06.07.2018

Астананың мерейтойында ән мен жырдан шашу шашып қана қоймай, өңірлерде әлеуметтік нысандармен қоса, өндіріс орындары да іске қосылды. Бүгін Қостанай  облысында ұн өндіретін жаңа кәсіпорын ашылды. Мұнда  тәулігіне 700 тоннаға дейін бидай өңделеді. Кешен толығымен автоматтандырылған. 7 қабатты ғимарат түгел жаңа құрылғылармен   жабдықталған. Диірменнен шыққан ұнның сапасы өте жоғары. Сондықтан, тауар өндірушілер өнімді еш қиналмай өткіземіз дейді. Қазірдің өзінде өнімге сұраныс білдіргендер бар. Қытай нарығына шығу да көзделіп отыр. Кәсіпорында 70 адам  жұмыс істейді. Келешекте өнім көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.  

Сондай-ақ, мереке күні өңірде 216 отбасы қоныс тойын тойлады. Көпқабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Жыл соңына дейін өңірде 290 мың шаршы метр үй пайдалануға берілмек. Жуық арада 51 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Былтырмен салыстырғанда облыста құрылыс қарқыны 10 пайызға артты.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу