Атырауда мейрамханадағы өрт бірнеше сағатта өшірілді
Атыраудағы «Ақжайық» қонақүйінің бірінші қабатында орналасқан мейрамханадағы өрт бірнеше сағат дегенде әрең өшірілді. Кешкі ондар шамасында басталған тілсіз жауды ауыздықтау жұмысы таңғы 6:30-да аяқталды. Жалпы ауданы 3400 шаршы метр аумақты шарпыған өртті өшіруге 70 адам және 19 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, жедел жәрдем және Ішкі істер департаментінің қызметкерлері таңға дейін тынымсыз жұмыс істеді. Оқыс оқиға кезінде «Ақжайық» қонақүйінен 30 мейман шұғыл түрде шығарылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Абдулғапар Жұманов, Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы:
- Аталған оқиғаға байланысты қазіргі кезде Төтенше жағдайлар комитетінің арнайы комиссиясы құрылды. Олар келіп жұмыстың орындалуын, жеке құрамның атқарған қызметін толық тексеретін болады.
И.МЕРЕКЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы