ШҚО-да Ұлттық домбыра күніне ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Ұлттық домбыра күніне ескерткіш ашылды

05.07.2018

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Ұлттық домбыра күніне арналып ескерткіш  ашылды. Қалбатауда қойылған ескерткіштің авторы   -  семейлік жас мүсінші Нұрбол Қалиев. Шыны пластиктен жасалып, сырты қола түстес бояумен әрленген туындының  биіктігі 7, ені 3 метр.  Қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы, болмысы. Ұлттық аспапты дәріптеу арқылы ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді насихаттаймыз, елдігімізді әлемге паш етеміз. Бұл күндері Қалбатауда аймақтық күй-тартыс фестивалі ұйымдастырылды. Осылайша, Семей, Көкпекті және Жарма аудандарының күйшілерінен құрылған өнер ұжымдары орталық алаңға жиналған жұртқа естен кетпес ерекше кеш сыйлады. 

Нұрбол Қалиев,  ескерткіштің авторы:

- Нағыз қазақ  қазақ емес, нағыз қазақ  домбыра дегендей, қазақпен біртұтас жалғасқан нағыз өзіміздің аспабымыз деп білеміз. Сол идеядан алып, бірге үйлестірдік.

Үмітжан Қалиева,  ҚР Мәдениет қайраткері:

- «Рухани жаңғыру» деген осы. Кеңес Одағы кезінде домбыраны менсінбеген уақыт та болған. Қазір домбыра деген біздің асыл мұрамыз. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу