«Қазпоштаның» жаңа бөлімшесі ақпараттық технологияның орталығына айналып жатқан ЭКСПО аумағында орналасқан. Цифрландыру бағдарламасының барысымен танысқан Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев әлемдегі ең ақылды робот әйелге сұрақ қойды.
София жасанды интеллектке ие әйел робот. Оны кеңсенің ашылуына әдейі алдырған. Яғни, мамандар сол сияқты темірқұлдарды елде көбейтуді көздейді. Сөйтіп, жаңа бөлімшедегідей халыққа роботтар қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, мұнда 2 минутта банк картасы дайын болатын және түрлі төлемдер жүргізуге ыңғайлы гибридтік банкоматтар бар. Ал, мына төрт дөңгелекті – робот пошташы деп аталады. Барлық тапсырыстарды адамның қатысуынсыз кез келген мекенжайға жеткізіп береді. Кеңседегі тағы бір қызық құрылғы киім принтері.
Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
- Кез келген кеңседе 20 адам жұмыс істейді. Бұл жерде тек екі консультант жұмыс істейді. Қалғандарының бәрінде автоматтар мен роботтар қызмет көрсетеді. Сегіз кеңсе аштық. Бұл жоба жүріп кетсе, әр қалада осындай кеңселер ашамыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.