Ақпараттық технология саласын жетік меңгерген жас мамандарға сұраныс жоғары. Оның дәлелі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қолға алған «Цифрлы жаз - 2018» тағылымдық бағдарламасы. Жоба аясында тәжірибесі болмаса да, білімі терең, танымы жоғары ІТ саласын жетік меңгерген жас түлектердің белді компанияларға жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. Вакансия ашық түрде жарияланғаннан бері компанияға жалпы 2000-нан астам өтінім келіп түскен. Солардың 150-і алғашқы тестілеуден өтті. Ендігі кезекте сұхбаттасудан іріктелгендер тәжірибеде сыналмақ.
Айнұр Аманжолова, HR бизнес-серіктес:
- Ортадан озу үшін командамен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Екіншісі, алдына қойған мақсаттарға жету қабілеті. Үшіншісі, жаңа идеяларды қорықпай, инновацияларды енгізе алатын қабілет. Осы үш қасиеті бар жас түлек барлық қабілетке ие бола алады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.