Басты Жаңалықтар Павлодар облысында жүк пойызы мен автобус соқтығысты

Павлодар облысында жүк пойызы мен автобус соқтығысты

Павлодар облысында жүк пойызы мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Апат кеше қас қарая бастаған шақта Екібастұз қаласының аумағындағы Үшқұлын-Тоқыбай бағытындағы тас жолмен теміржолдың түйіскен жерінде болған. Ресми мәліметке қарағанда, локомотив жүргізушісі дереу тежегішті басып, апатты болдырмауға әрекет жасайды. Бірақ, кесе-көлденең алдынан шыға келген келген автобусты жанап өтеді. Соның салдарынан жолаушылар көлігіндегі 11 адамның үшеуі жарақат алды. Дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алма Мұсабекова, ОІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

- Автобустың жүргізушісі әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Бөлісу